28.02.2022, 10:40

Қазақстандық рэпер Джах Калиб Киевте қалып қойған

Фото: ашық дерекөз
Өнер иесі аман-саулығын білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Қазақстандық әнші, рэпер Джах Калиб Украина астанасы Киевте қалып қойды. Өнер иесі аман-саулығын білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз оқиға орнындамыз. Киевтеміз. Бір панадан екінші панаға... Аман-саумыз, үрейленіп отырған жоқпыз. Ешқайда шықпаймыз. Украиналықтар, мен енді сіздерді тек жақсы көріп қоймай, тамсанамын", - деп бөлісті Джах Калиб Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық стендапер Мадияр Нұрманбетов досымен бірге Киевте қалып қойғаны белгілі болған еді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.