28.02.2022, 12:00

Ертеңнен бастап елімізде темекі бағасы шарықтайды

Фото: ашық дереккөз
ҚР Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрықпен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгіледі.

ҚР Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрықпен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен, фильтрлі, фильтрсіз 20 темекінің ең төменгі құны:

2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғанда 550 теңге;

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 570 теңге;

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге дейін қымбаттайды.

Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.