$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Жамбылдық оқушының хатына жауап берді

Президент Жібекке жазған жауабында хатты аса ризашылықпен оқығанын айтып, оған ноутбук тарту еткен.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» балабақша-мектеп гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабек жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүрекжарды тілегін жазған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі – Жібектің жүрегі де мейірімге толы. Оның хаты Мемлекет басшысының қолына тиген. Президент Жібекке жазған жауабында хатты аса ризашылықпен оқығанын айтып, оған ноутбук тарту еткен.

«Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рахмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысымыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаңның берген тәлім-тәрбиесін бойыңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашан да мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауырыңа менен сәлем», – деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары