$ 494.87  520.65  4.91

Украина – Ресей қақтығысы салдарынан елімізде нан қымбаттайды

Еліміздегі ұн шығаратын зауыттарға субсидия бөлінуі мүмкін.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бағаның өзгеруі әлеуметтік азық-түлік түрлерінің құнын көтеріп кетпеуі тиіс. Сол үшін шұғыл шараларды қолға алып жатырмыз дейді шенеуніктер. Тек бір Алматының өзіндегі сауда желілеріндегі бағаны қалыпта ұстап тұру үшін 7 жарым млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Stan.kz

“Бүгінгі таңда Алматы қаласында бағаларды тұрақтандыру мақсатында "Тоймарт", "Магнум" желілеріне 7 жарым млрд теңгедей қаражат бөлінген болатын. Осы қаражатты үлкейту, бағаны ұстап тұру мақсатында "Тоймарт" желісіне 200 млн теңге бөлінеді. 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 80 пайызы өзіміздің Алматы және басқа да еліміздің қалаларында өндіріледі және шығарылады”, – дейді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары Ерлан Омаров.  

Әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға: ұн, май, макарон өнімдері, тұз, қант, сүт, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат кіреді. Оған қоса сиырдың төс сүйегі мен қабырға бөлігі және тауық еті бар. Жауаптылар аталған азық-түліктерге бекітілген баға сәуір айының соңына дейін өзгермейді дейді.       

Еліміздегі ұн шығаратын зауыттарға субсидия бөлінуі мүмкін. Ал экономистер Украина мен Ресей арасындағы саяси қақтығыстан бидай мен нанның бағасы өсуі мүмкін деп болжайды. Өйткені Ресей бүгінге дейін көптеген мемлекетті ұнмен қамтамасыз етіп келеді. Егер олар өз экспортын тоқтататын болса, өзге елдерде де бұл тауарға тапшылық сезілмек. Сондай-ақ жағдай тез арада тұрақталмаса, бидай өнімдерінен бөлек, дәрі-дәрмек мен тұрмыстық тауардың да құны көтерілуі заңдылық деп отыр сарапшылар. 

“Өткен жылмен салыстырғанда ішкі сауда айналымы 101 млрд долларды құрайды. Оның 41 млрд долларын соның ішінде 50 пайызы ТМД елдерінен, қалған 50 пайызын шетелдерден импорттаймыз. Доллардың өскені әсіресе инфляцияға әсер етеді. Бір аптаның ішінде доллар бағасының 20 пайызға бір-ақ көтерілуі қалыпты жағдай емес. Бұл ең алдымен азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника, логистиканың қымбаттауына әкеп соғады”, – дейді экономист Арман Байғанов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары