Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.
«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді А. Смағұлов.
Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.