$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ Украинаға көмекке 1,7 млрд доллар сұрап отыр

Бір миллиард 700 миллион доллар. БҰҰ Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін әлемдік қауымдастықтан осынша қаржы сұрап отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Халықаралық бірлестік өкілдерінің пайымдауынша, алдағы айларда ел ішіндегі 12 миллион адам және көрші мемлекеттердегі тағы 4 миллион украиналық босқын жәрдемге мұқтаж болуы мүмкін, деп жазады nege.kz. Осының алдында ғана Қызыл Крест өкілдері де ұйым донорларынан 270 миллион доллар қаржылай көмек сұраған еді. Өйткені олар Украина мен көрші елдерде гуманитарлық ахуал күрт нашарлап бара жатқанын айтады.

Мартин Гриффитс, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық сұрақтар жөніндегі орынбасары:

– Украинада әскери іс-қимылдар салдарынан қаншама адам зейнетақысын ала алмай отыр. Қаншама тұрғын медициналық көмектен құр қалды. Біз жиналған ақшаға ел ішіндегі және көрші мемлекеттерге босып кеткен украиналықтарды тамақпен және баспанамен қамтамасыз етеміз. Психологиялық жәрдем береміз. Медициналық көмек көрсетеміз. Қазір осы бағытта 119 гуманитарлық агенттікпен жұмыс істеп жатырмыз. Бір күн бұрынғы ақпарат бойынша Украинадан кеткен босқындардың саны 520 мың болатын. Бір тәулік ішінде ол сан 680 мыңға дейін жетті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары