Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман скляр журналистерге қазақ тілінде сұхбат беріп, әлеуметтік желі қолданушыларының қошеметіне ие болды.
– Мен былай айтар едім: мен үшін қызмет маңызды емес. Халық алдында ашық жұмыс істеп жатырмын. Қателік жіберсем, жауап беремін. Бүгін біз өнеркәсіпті жолға қоймасақ болмайды. Мұнаймен күн көре алмаймыз. Сондықтан, сіздерді осы мәселеге терең қарауға шақырамын. Барша қабылданған шешім үшін жауапкершілікті сезінемін, өз мойныма аламын, – деді ол.
Скляр өндірістік ассоциацияларды өз жұмысымен айналыспайтынын айтып, сынға алды. Оның айтуынша, Қазақстан өз болашағын жарқын деп санаса, популистік лозунгтарға берілмеуі қажет.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.