$ 447.4  477.55  4.76

Украинадағы тағы 600 Қазақстан азаматы эвакуациялауға өтініш берді

Украинадан отанға оралғысы келетін қазақстандықтардың саны күн санап артып жатыр.

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшісінің кеңесшісі Сергей Коновалов мәлім етті.

«Жуырда ғана 600 адам эвакуациялауға өтініш берді. Осылайша біздің консулдықтың есебінде 1,5 мың адам тұр. Қазақстанның Украинадағы елшілігі істің соңына дейін болады. Әзірге мүмкіндік бар кезде азаматтарымызды аталған елден эвакуациялайтын боламыз», – деді Сергей Коновалов тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, елшілік өкілі Украинада көлікпен адам тасу құнының бірнеше есеге өсіп кеткенін жеткізді.

«Көлік бағасы қазір өте қымбат. Украинаның Львов қаласына дейін және Және Польша шекарасында автобустың құны 10-15 мың долларға дейін жетеді. Сондықтан қазір елшілікті қамтамасыз ету және эвакуацияны жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Қазақстан азаматтарын бүгінге дейін эвакуациялау процесі бүгінге дейін бірнеше адамның ортақ еңбегі», – дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Украинадағы Қазақстан азаматтарының екінші легі елордаға келді. Олар Польшаның Катовице қаласынан Атырауға, одан әрі ел астанасына жетті. Бортта 120 ересек адам және 4 бала бар. Елге аман сау жеткен отандастарымызды елорда жұрты қуанышпен қарсы алды.

Айта кетейік, еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары