02.03.2022, 21:20

Назарбаев ескерткішін құлатқан жігітті азаптаған полицей қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден
Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынды деп сендіре аламын.

Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін бұзғаны үшін күдікті Азамат Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген полицейлер қамауға алынды.

«Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынды деп сендіре аламын. Үлкен және ауыр жұмыс атқарылды. Біз құқықтық шындыққа қол жеткіздік» деп жазды Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов Facebook парақшасында.

Азанов қалған мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты жария етпеді.

 orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.