Өскеменде 8 бен 11 жас аралығындағы ұлдар шетелдік көліктерді өртеп жіберген. Кейбір мәліметтер бойынша, олардың бірі ұстаздарына тиесілі болған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Күндіз ер адам BMW көлігін үйінің маңына қойған, кейін көршілері оның көлігі өртеніп жатқанын хабарлады.
Полицейлер дәл осындай жағдайда бұрын тағы екі көлікке – Lexus пен Nissan Liberty-ге зақым келгенін анықтады. Бұл да олардың жұмысы екенін жеткіншектер мойындаған.
"Полиция қызметкерлері полиция бөлімшесіне 8-11 жас аралығындағы үш кәмелетке толмаған жасөспірімді жеткізді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабының 1-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. қомақты залал келтірген, өрт қою, жарылыс немесе басқа да жалпы қауіпті жолмен жасалған", - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін Алматы облысының 44 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жібергені туралы жазған болатынбыз.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.