IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA супер чемпионы жапон Риота Муратамен жекпе-жек өтетін күнін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"9 сәуірде Жапонияда кездескенше", - деді танымал спортшы Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді.
Майк Коппинджер бокс кеші Жапониядағы прайм-тайм кезінде жергілікті уақыт бойынша 22:23-те басталатынын айтты. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 19:20-да тамашалай алады.