$ 446.49  475.38  4.79

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өліміне қатысты тергеуді қайта бастауды талап етті

Ол суицид нұсқасына сенбейді.
orda.kz
orda.kz

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді қайта бастауды талап етіп, ҚР Бас прокурорына арыз жазды.

Бірақ жаңа бас прокурор Берік Асылов журналистерге шағымдан хабарсыз екенін айтты. Саясаткердің ұлы әкесін 2005 жылы 12 қарашада атып кеткенін алға тартты.

«Әкемді өлтіру айғақтарына қарамастан, өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша бірден қылмыстық іс қозғалды. Бұл даусыз дәлелдерге қарамастан, оқ атылғандар саны – жүрекке екі рет және басынан бір рет оқ атылған, бұл суицидтің техникалық белгілерін толығымен жоққа шығарады» деді Қайрат Нұрқаділов мәлімдемесінде.

Ол суицид нұсқасына сенбейді және тергеуді қайта бастауды талап етті.

Сенат отырысында журналистер жаңа Бас прокурор Берік Асыловқа кіші Нұрқаділовтың мәлімдемесі туралы сұрақ қойды.

«Апелляция түсті ме, жоқ па?» деп сұрады Азаттық тілшісі. Асылов оған «ол туралы білмеймін» деді асығыс.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары