Бүгін түнде Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың үшінші легі елге оралды, деп хабарлайды sputnik.kz.
Олар Польшаның Катовице қаласынан ұшып келді. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы балалар.
Осы рейспен Қырғызстанның екі азаматы да ұшып келді, деп хабарлады СІМ.
"Ұшу сәтті өтті. Қазақстан бізге көп көмектесті. Ол жаққа қонаққа барып, осындай жағдайға тап болдым", - дейді жолаушылардың бірі.
Естеріңізге сала кетейік, эвакуациялық рейстің бірінші легі 28 ақпанда, екіншісі 1 наурызда елге қазақстандықтарды алып келді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын
Instagram,
Telеgram,
facebook,
twitter және
vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.