$ 494.87  520.65  4.91

Елордада заңсыз майнинг фактісі анықталды

Ақшалай алғанда, өндірілген криптовалюта 237 000 АҚШ долларЫ көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз жұмыс істеп келген майнингтік ферманы анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз майнингтік ферманы тексеру кезінде майнингке арналған 56 тал құрал-жабдық табылған.

"Ақшалай алғанда, өндірілген криптовалюта 237 000 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылған", - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары