04.03.2022, 18:00

«Мақпал Исабекованың күйеуі бұрын үйленген бе?» - әнші жауап берді

ашық дереккөзден
Мақпал Исабекова желідегі оқырмандарына жан сырын ақтарып, сауалдарына ашық жауап берді. Ол күйеуі, болашақ сәбиі мен ата-енесі жайлы айтты.

Исабекова 36 жасында тұрмыс құрып, 37 жасында бала көтергенін айтады. Әншінің өзі мұны кеш санамайды. Елдің сөзіне қарамастан, бастысы бақытымды күте білдім және оны табатыныма сенімді болдым, дейді өзі. Бұл жаста кей адамдар үйленіп, ажырасып үлгереді. Осы орайда оқырмандарды Исабекованың күйеуі бұрын үйленген бе деген сұрақ мазалады. 

"Жоқ, үйленбеген. Ол үшін де, мен үшін де бірінші неке, екеуміз де тұңғышымызды күтіп жүрміз", - деді Мақпал.

Сондай-ақ, әнші сәбиінің жынысын білетінін, тіпті оған ат таңдап үлгергенін атап өтті. Алайда жеке өзіне қатысты бұл жаңалықтарды жарияламады. Есесіне: 

"Қыз ба, ұл ма, мен үшін маңызсыз болды. Бастысы, бұл жан бізді таңдады. Бұл жаңа адамға өзі таңдаған жолда адал жолсерік болуымызды құдай нәсіп етсін", – деп тілек білдірді. 

Сол сияқты әнші ата-енесі жайлы айтты. 

"Ата-енеммен өте жақсы қарым-қатынастамыз, шүкір. Өте жақсы, түсінігі мол кісілер", – дейді Мақпал.

stan.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.