$ 448.15  483.46  4.86

Алматы – Қапшағай тас жолында әскери техника колоннасы не істеп жүр? (ВИДЕО)

Жеке құрам мен әскери техника полигоннан тұрақты орналасқан жеріне жіберілді

Әлеуметтік желіде Алматы – Қапшағай тас жолында тізіліп тұрған әскери техниканың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы-Қапшағай» тас жолындағы әскери техниканың жүріп-тұруы – Қазақстан Қарулы күштерінде жоспарлы түрде өтетін жауынгерлік даярлық іс-шараларымен байланысты. Жеке құрам мен әскери техника полигоннан тұрақты орналасқан жеріне жіберілді», – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматы, Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді.

«1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына кері бағытта Қарулы Күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Сонымен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникиларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу де іске асырылады. Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу мақсатында Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді», – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары