$ 448.15  483.46  4.86

«Жабайысыңдар ма?»: Павлодар әкіміне немістер сес көрсеткен

Енді маған біреудің осындай зіркілдеп ұрысқанын қаламаймын
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Халық алдындағы есептік кездесу кезінде Павлодар әкімі Асайын Байханов қоқыс шығару және жалпы тұрғындар мәдениетін тілге тиек етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Равиль есімді Жаңаауыл тұрғыны Ертіс бойының барынша ластанғанын, сол үшін контейнерлер орнатуды өтінді.

«Солай-ақ болсын, бірақ оны кім шығарып отырады? Бізде контейнерлердің көбі өртенетінін білесіз бе? Әсіресе, жер үй тұрғындары контейнерге көмірден қалған күлді төгеді. Жұқа металл оған шыдамайды. Бүкіл әлемде қоқыс бактарын қайта өңделген пластиктен жасайды, бізде ондай істеу мүмкін емес. Бір айға жетпей жанып кетеді. Сол себепті әкімдік қымбатқа металл контейнерлерді сатып алуға мәжбүр», – деді Асайын Байханов.

Қала әкімі осыған орай қоқыс мәселесі төңірегінде басынан өткен оқиғамен бөлісті.

«Германияға оқып жүрген кезіміз. Бірнеше жігіт көшеге шықтық. Арамыздағы біреуіміз шылым тотығын жерге тастай салсақ керек, дереу Франкфурттың бірнеше тұрғыны қасымызға жетіп келді. «Жабайысыңдар ма? Қайдан келдіңдер» деп ұялтты. Бұл оқиға өмір-бақи есімде қалыпты. Енді маған біреудің осындай зіркілдеп ұрысқанын қаламаймын», – деді әкім.


Шаһар басшысы қала бюджеті немесе әкімдік күшімен қаламызды таза ұстап тұру мүмкін еместігін қайталап айтты. Оған барлық тұрғындар жұмылып атсалысуы тиіс.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары