05.03.2022, 07:30

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: 14 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 5 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК 5 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Желдің күші күндіз солтүстікте 25 м/с дейін артады.

Қостанай облысының батысында және орталығында көктайғақ, тұман болжанады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Өңірдің оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда желдің күші 30 м/с және одан жоғары болады. Күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін жоғарылауы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 23-28 м/с артады. Өңірдің орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей уақытта желдің күші 30 м/с және одан жоғары болады. Ауа температурасы 0-5 градус жылыдан 2-7 градус жылыға дейін жоғарылайды. 7 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 30 м/с және одан аса болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр болады. Желдің жылдамдығы 25 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18 м/с артады.

6 - 7 наурыз аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа температурасының жоғарылауы мен қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қардың қарқынды еруі, тау бөктерлерінен судың ағуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Атырау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, шығысы мен орталығында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні күндіз 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с артады.

6-7 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болжанады. 7 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғып, таулы аудандарда екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші 25 м/с артады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.