Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 4 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы статистика жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 220 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 303 536-ға жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 18, Алматы қаласында - 66, Шымкент қаласында - 4, Ақмола облысында - 7, Ақтөбе облысында - 3, Алматы облысында - 11, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 10, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 5, Қарағанды облысында - 6, Қостанай облысында - 31, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 12, Солтүстік Қазақстан облысында - 37, Түркістан облысында - 3.
Қазақстанда 1 884 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 506, Алматы қаласында - 134, Шымкент қаласында - 619, Ақмола облысында - 53, Ақтөбе облысында - 3, Алматы облысында - 24, Атырау облысында - 55, Шығыс Қазақстан облысында - 22, Жамбыл облысында - 10, Батыс Қазақстан облысында - 197, Қарағанды облысында - 38, Қостанай облысында - 55, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 8, Павлодар облысында - 72, Солтүстік Қазақстан облысында - 85, Түркістан облысында - 2.Елімізде барлығы 1 275 617 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2022 жылғы 4 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 402 411 адам, 2-компонентін 9 025 145 адам салдырды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.