$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаудағы «биші қыздардың» бояуы ағып кетті

Ақтаулықтар бояуы кетіп қалған ескерткіштерден шошып жүр. Ұлттық нақышта киінген биші қыздардың мүсіні қала әкімдігінің назарынан тыс қалған.

Ақтаулықтар бояуы кетіп қалған ескерткіштерден шошып жүр. Ұлттық нақышта киінген биші қыздардың мүсіні қала әкімдігінің назарынан тыс қалған. Осыған ашынған тұрғындар, бұл өнерді мазақ қылғанмен тең дейді, - деп хабарлайды ktk арнасы.

Майя Кононенко, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Бояуы кеткен ескерткіштерді көргенде таң қалдым. Негізі жаман дүние емес. Бірақ ұлттық киімде тұрған ескерткіштерді қалпына келтірсе жақсы болар еді. Не дегенмен қазақтың ұлттық киімін киіп тұр ғой. Қала әкімшілігі жағдайды реттейді деген сенімдемін. Ескерткіш авторының өзі келіп хабар алып тұрса да жақсы болар еді деп ойлаймын.

Бояуы өшіп, сыны кеткен мүсіндер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды. Өткен жылы қойылған бұл композиция осы уақытқа дейін екі рет қалпына келтіріліпті. «Биші қыз» мүсіндерінің біреуінің көзіндегі бояуы кетіп қалса, екіншісінің көз қарашығы қисық салынған. Тұрғындар тіпті ескерткішті жасаған адам мас болды ма деп те әзілдеп жатыр. Ал, шенеуніктер болса бәріне кінәлі жауын-шашын деп отыр. Айтуларынша ескерткіштер соңғы рет былтыр тамыз айында боялған екен.

Бақтияр Мақсатов, Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Сырлау жұмыстары жылына екі мезгіл жүргізіледі. Қазіргі ауа-райының қолайсыздығына байланысты мына жаңбырға байланысты бет жағының бояуы аққан болатын.Соған байланысты сырлау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта қаланы аббаттандыру жұмыстары мердігер мекеме анықталғаннан кейін тіисті жұмыстар жүргізілетін болады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары