$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда газ баллоны жарылып, 3 адам қайтыс болды

Шарбақты ауылындағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, артынша ғимарат өртеніп кеткен. Салдарынан үш адам ажал құшты деп жазады Informburo.kz. Тағы бір әйел аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Жарылыстың күшті болғаны сонша, үйдің қабырғалары жылжып, дәліздің шатыры опырылып қалған. Жарылыс толқынынан үйдегі терезелер қирап қалыпты. Оқиға 28 қараша күні орын алған.

Бір жарым жастағы Ева есімді сәби тіл тартпай кетіпті. Ол - көрші үйдің қызы. Анасы жұмысқа кетіп, оны көрші үйдегі таныстарына тастап кетіпті.

Ал, қайтыс болған өзге екі адам әкелі-балалы осы үйдің иелері. Отағасы 43 жаста болса, кішкентай баланың жасы небәрі онда. Екеуі де ауруханада жан тапсырды.

Ал, үй иесінің әйелі аса ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалыпты. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысып жатыр. Ерлі-зайыптылардың үлкен қыздары бұл сәтте үйде болмаған екен. Ол - медициналық колледждің студент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары