$ 494.87  520.65  4.91

Қаңтардағы тәртіпсіздік: «Қазақстан халқына» қоры қаза тапқандардың отбасына ақша төлей бастады

Жәбірленушілерге төленетін төлемдердің жалпы сомасы 451 миллион теңгені құрайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаза тапқан ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 19 қызметкері мен Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұлан әскери қызметшілерінің, сондай-ақ ауыр жараланған 106 қызметкердің отбасына ақшалай қаражат төлей бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Осы санаттағы жәбірленушілерге төленетін төлемдердің жалпы сомасы 451 миллион теңгені құрайды», - деді қордың баспасөз қызметі.

Бұған дейін қамқоршылық кеңес қор кеңесіне қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген соманы төлеуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ, кеңес адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қорға ұсынған тізімдерінен кездейсоқ зардап шеккен азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдарға нақтылауды тапсырды.

Қор уәкілетті мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәліметтер алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына ақшалай қаражатты төлей бастайды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары