Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 6 наурызда қазақстандық 2 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық Денис Петренко, Ербол Хамитов мен Юрий Березин пара шаңғы жарысынан 18 шақырым қашықтықта сынға түседі. Сайыс елорда уақытымен 08:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, 5 наурызда ел құрамасынан сырғанаудан спринтерлік бәсекеде Сергей Усольцев 15-орынды місе тұтты. Оның жеңімпаздан қалып қойған көрсеткіші - 3:09.4. Ал Ербол Хамитов 16-орын алды. Көрсеткіші - +3:29.1. Одан кейін Александр Герлиц биатлоннан түрегеп жарысу сайысында жарысты сегізінші орынмен аяқтады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.