$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев еліміздің екі ірі қаласында биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдерін қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асуға шақырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдерін қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында айтты. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді. Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды", - деп жазды Берік Уәли. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары