$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында браконьерлер елікті өлтіріп, ат құйрығына байлаған (ВИДЕО)

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алматы облысында сібір елігін өлтіріп, оны ат құйрығына байлаған браконьерлер ұсталды.

Күдіктілер 5 наурызда қолға түсті. Үш инспектор Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағы бойынша рейд жүргізді, олар жергілікті екі тұрғынды ұстады. Браконьерлерден екі мылтық пен сібір елігінің еті табылды.

"Браконьерлер олжаны жылқының құйрығына байлаған. Оларды ұстау кезінде елік еті құйрығына байланған жылқы шошып, ауылға қашып кеткен. Алдымен инспекторлар браконьерлерді, содан кейін атты ұстады", - деп хабарлады экология министрлігі.

Тәртіп бұзушылар Еңбекшіқазақ ауданы ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары