$ 443.44  480.51  4.88

«Винницадағы әуежай толық жойылды» - Зеленский

Зымыран соққысы қатты болды, әуежай толығымен қирады.

Украина президенті Владимир Зеленский Винница маңындағы әуежай Ресей әскери күштері ұшырған зымыран соққысынан кейін толығымен қирағанын мәлімдеді.

"Маған қазір ғана Винницада зымыран соққысы жасалғаны айтылды - 8 зымыран. Біздің бейбіт Винницамыздың Ресейге ешқандай зияны жоқ еді. Зымыран соққысы қатты болды, әуежай толығымен қирады. Олар біз, ата-анамыз, ата-әжелеріміз, украиналықтардың ұрпағы құрған инфрақұрылымымызды, өмірімізді жойып жатыр", - деді Зеленский видеоүндеуінде.  

Ол күнде Украина аспапында тыныштық болғанын сұрайтынын айтты. 

"Барлық ресейлік зымыран, ресейлік авиация, барлық террорист үшін жабыңыздар. Гуманитарлық әуе аймағын зымырандарсыз, әуе бомбаларынсыз жасаңыздар. Біз - адамбыз және адамдарды қорғау - сіздердің гуманитарлық міндеттеріңіз, ол сіздердің қолдарыңыздан келеді. Егер оны жасамасаңыздар, өзімізді қорғау үшін ұшақ бермесеңіздер тек бір қорытындыға келеміз - демек сіздер де ақырындап біздің көзімізді жоя бастағанын қалайсыздар. Бұл дүние жүзі саясаткерлерінің де, батыс басшыларының да жауапкершілігі. Бүгіннен бастап және біржола", - деді Зеленский.

tengrinews.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары