Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.
"Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін", - деді Зеленский.
Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.
Беларусьта 7 наурызда кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Ол үш сағатқа созылды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.