$ 494.87  520.65  4.91

Шамалған ауылында атыс болды

Бір адамға оқ тиіп ауруханаға жатқызылды. Алдын ала деректерге сәйкес, қақтығысқа екі ауылдың тұрғындары қатысқан.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылы маңында жаппай төбелес болды. Оған 30-ға жуық адам қатысқан. Салдарынан оқиғаға қатысушылардың біріне оқ тиіп,жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Полиция мәліметінше, оқиға 7 наурызда болған. Алдын ала деректерге сәйкес, қақтығысқа екі ауылдың тұрғындары қатысқан. Әртүрлі калибрлі қарудың оқ-дәрісі, сондай-ақ екі Lexus және ВАЗ көліктері табылды. Жанжалға екі ауылдық округтің тұрғындары, негізінен 25-30 жас аралығындағы ауыл жастары қатысқаны анықталды. Қақтығысқа не себеп болғаны әлі анықталып жатыр", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мамандары.

 

Жаппай төбелес дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиғаға қатысушылардың іздестіріліп жатқанын, жедел жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары