$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк «теңге – АҚШ доллары» сауда-саттығының регламентін өзгертті

Оған сәйкес, «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 9 наурызда «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Оған сәйкес, «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

«Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды. «Теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады», - делінген ҰБ ақпаратында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары