Парламент сенаты президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот судьясын қызметтен босатуды қолдады, деп хабарлайды
Sputnik.kz.
Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Мейрам Құрмашұлы Жанғұттинов қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған.
"Жанғұттинов сот шешімімен кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді. Осыған байланысты президент Жоғарғы сот судьясынан босатуды ұсынды", - деді Шипп.
Сенаторлар ашық дауыс беру арқылы президенттің ұсынысын қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновты 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған. Сот материалдарына сәйкес, Жанғұттинов Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының экс-судьясы Тұрғынбаеваны алдап, 7 мың АҚШ доллары сомасындағы қаражатты иемденуге тырысқан. Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы ақша алу кезінде ұсталды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.