$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның Финляндиядағы елшісі айына 6 млн 600 мың теңгеге үй жалдаған

Эспоо қаласында орналасқан 500 шаршы метрлік зәулім сарайда 10 бөлме мен жеке жағалау, джакузи мен төрт машина сыйып кететін гараж бар.
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Қазақстанның Финляндиядағы елшілігі өз қызметкерлеріне 2013 жылдан бері айына 12 мың долларға үй жалдап келген. Бүгінде, бұл сома теңгеге шаққанда (1 еуро орташа 550 теңге тұрады), 6 миллион 600 мың теңгені межелейді.

Аталған Эспоо қаласында орналасқан 500 шаршы метрлік зәулім сарайда 10 бөлме мен жеке жағалау, джакузи мен төрт машина сыйып кететін гараж бар.

Алайда кейінгі кезде Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жанна Сартбаева тұрса да, еңселі ғимараттың жалдау ақысы төленбей, қарыз жиналған. Оның үстіне есік сынып, оны жөндеу 2 мың еуроны құраған. Содан үй иесі Николай Зуев сотқа беріп, ақыры елшілік 60 мың еуроны төлеумен шектелмей, 36 мың еуроны тағы кепілге қалдырған. Бұған, әлбетте, жылжымайтын мүлігін жалға беруші ризалық танытып, арызын қайтарып алған.

ulysmedia.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары