$ 443.35  475.54  4.82

«17,2 миллион доллар тәркіленді»: ҰҚК Мәсімовке қатысты жаңа мәліметтер таратты

Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автокөлік алынды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алды деген айып тағылып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
 
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды.
Отандық бизнес қауымдастықтар мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері құжатталды.
Атап айтқанда, жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК төрағасы лауазымында 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
 
 
Осы қаражат Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылды.
 
Сонымен қатар Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінген, қазір тергеу жүргізілуде.
"2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйден 17,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқа заттар тәркіленді", - дейді ҰҚК мамандары.
Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автокөлік алынды. Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматы қаласындағы 2 пәтері мен дербес сарайына, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 гектар жер теліміне тыйым салынды.
Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 миллион АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды.
Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
 
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары