$ 448.15  483.46  4.86

СІМ басшысы Зюгановтың мәлімдемесіне Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді

Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танылған. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіпті қайшы келетін сол немесе басқа пікірді ұстанады.

Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды", - деді Тілеуберді үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Ол Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының із басушысы және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін айтты.

"Назарыңызды бұл видео 2 ай өткен соң пайда болғанына аударғым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек.

Белгілі біреулер мен арандатушылықтарға қарсы әрекетті өздеріңіз, журналистер ескеруі керек екенін түсінуіңіз керек. Сіздер бұл видео неге бұрын емес, қазір шыққанын анықтауыңыз керек. Оны кім жариялады және т.б.", - деп қосты министр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары