$ 445.66  474.58  4.78

Бес бірдей қазақстандық Тайландта денге безгегіне шалдыққан

Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоненің денсаулық сақтау министрліктерінің деректері бойынша Эбола безгегімен ауырғандардың саны артып келе жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазіргі таңда Эбола безгегімен ауырғандардың саны 1093-ке жетті. Оның ішінде 660-ы қазаға ұшыраған. Олардың арасында, 415-і Гвинеяда, (314-і қазамен аяқталған), 224-і (127-сі қазамен аяқталған) - Либерияда, 454-і (219 қазамен аяқталған) Сьерра-Леонеде орын алған. Соңғы 3 аптада Гвинеяда ауырғандардың тіркелуі азайды.

Қазіргі уақытта үш батысафрикалық елдерде аурудың таралмауы бойынша заманауи диагностика, емдеу, сақтану шаралары, қарым-қатынастарға бақылау, ведломствоаралық өзара іс-қимыл және санитарлық-ағарту жұмыстарын қоса алғанда барлық шараларды белсендіру және бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.

Соған сай, БДСҰ қолда бар деректер негізінде Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне қалаларына баруға және сауда жасауға қандай да бір шек қою қажет деп есептемейді.

Сондай-ақ, ҚР Тұтынушылар құқтарын қорғау жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша, бес қазақстандық азамат Тайландқа бару салдарынан денге безгегімен ауырған. Осы жылдың өзінде Тайландта тіркелген аурулардың саны бір жарым мыңға жетті.

ҚР-ның тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық саулықпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті шетелге шығуды жоспарлау алдында осы айтылғандарды ескеруге кеңес береді.

Жоғарыда көрсетілген елдерге барып келушілерге аурудың белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары