$ 494.87  520.65  4.91

Прагада қазақстандық студент жоғалып кетті

26 ақпанда Олег әкесіне қоңырау шалып, көмек сұраған.

Амбис университетінде білім алып жүрген 20 жастағы Олег Кузьмин жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Бланис жатақханасында тұратын. 26 ақпанда Олег әкесіне қоңырау шалып, көмек сұраған. Бірақ ештеңе айтып үлгермеген. Себебі, байланыс үзіліп кеткен. Содан бері ол туралы ешкім ештеңе білмейді.

Жақындары Олегтің қайда екенін білетіндер болса полицияға немесе оның досы Николайға хабарласуын сұрайды (+420724387858).

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары