Қазақстан халық партиясы мәжілісте босаған екі мандатқа басқа үміткерлерін ұсынды.
"VII сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаттары Файзолла Қаменұлы Қаменов және Сергей Николаевич Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Халық партиясынан партиялық тізімге енгізілген кандидаттар Гаухар Көкенқызы Нұғыманова және Магеррамов Магеррам Мамедовичке Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаттарының бос мандаттарын беру үшін құжаттар жіберілді", - делінген партия мәлімдемесінде.
Магеррам Магеррамов 2016-2021 жылдары аралығында Қазақстан халық партиясы (сол кезде Коммунистік партия) атынан мәжіліс депутаты болған. Жасы – 50-де. Кәсіпкер шаруа қожалығын басқарған. 2001 жылы партия қатарына қосылды.
Ал Гаухар Нұғыманов Қазақстан халық партиясына 2004 жылы кірген. Павлодардың тумасы 2014 жылдан бері облыстық филиалды басқарды.
Айта кетері, 9 мамырда парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Екеуі де депутаттық міндеттерін атқарудан өз еркімен босатуға өтініш берген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.