$ 441.58  480  4.86

Утильалымның жаңа тарифтері қашан бекітіледі ? - Министр жауап берді

Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі есеп-қисапты әзірлеп жатыр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алым арнайы бұйрықпен бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 Министрге сенат отырысынан кейін журналистер утилизациялық алымның жаңа тарифтері қай кезде бекітілетінін сұрады. Алайда Брекешов нақты мерзімін айта алмады. Оның айтуынша, есеп-қисап жасап жатқан министрлік құжаттарды жіберуі керек.

"Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі есеп-қисапты әзірлеп жатыр. Дайын болғасын бізге жібереді. Соның негізінде тиісті бұйрықты бекітеміз", – деді экология министрі.

Осы орайда Брекешев есеп-қисап не үшін керек екенін түсіндірді.

"РОП-тың (қазіргі "Жасыл даму" АҚ) жыл сайын бекітетін инвестициялық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаны бекіту үшін бізге нақты есеп-қисап керек. Утилизациялық алымды қысқартқаннан кейін қанша ақша түседі? Соның бәрі жазылуы қажет. Біз есеп-қисапты алғаннан кейін шамамен 10 күннің ішінде арнайы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп алуымыз қажет. Осы жұмыстың нәтижесінде бұйрықты бекітеміз", – деп атап өтті Брекешев.

Айта кетcек, үкімет утилизациялық алымды екі есеге қысқартуға шешім қабылданған болатын. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары