$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда сұмдық жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, Lexus және BMW жүргізушілері көшеде жарысқан.
Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем мен құтқару қызметі келді. Көлік сынықтарынан зардап шеккен үш адам шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының «Өжет» шағын ауданында 11 наурызға қараған түні адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиға орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus және BMW жүргізушілері көшеде жарысқан. Бір кезде олар патрульдік көлікті байқап қалып, тығылуды ұйғарады.

Сүмбіле көшесімен жылжып, Үкілі Ыбырай көшесімен қиылысқа таяп келе жатқан жүргізуші Т-тәрізді жол қиылысынан тура жүріп өткен. Көлік қоршауды бұзып, аулаға ұшып кіріп, контейнерге соғылды.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем мен құтқару қызметі келді. Зардап шеккендер көлік сынықтарынан шығарылды.

Екеуі ес-түссіз жатты, олар дереу ауруханаға жатқызылды. Ал біреуі оқиға орнында қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus ішінде 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер болған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары