11.03.2022, 11:40

Air Astana Ресейге ұшуды толық тоқтатты

Фото: ашық дереккөз
Тоқтатылған рейс жолаушылары билет ақысын толықтай қайтару үшін билет сатып алған жеріне жүгіне алады.

Себебі Ресей Федерациясына және кері бағытта коммерциялық сапарларды сақтандырумен қамтамасыз ету тоқыраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Осылайша көрші елдің әуе кеңістігіне барлық рейс күшін жойып отыр.

“Әуе компаниямыз рейстерді қайта орындауға қажет мәселелерді Қазақстан үкіметімен шұғыл түрде талқылап жатыр”, – делінген хабарламада.

Тоқтатылған рейс жолаушылары билет ақысын толықтай қайтару үшін билет сатып алған жеріне жүгіне алады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.