11.03.2022, 17:20

Елімізде тағы бір университет жабылады

Комиссия 35 заң бұзушылықты анықтады
Тексеруден кейін Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жабылды. Комиссия 35 заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы бір қазақстандық университет жабылып жатыр. Әңгіме З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жайында болып отыр.

Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне университет қызметкерлерінен шағымдар келіп түскен болатын. Бұл университетте жоспардан тыс тексеру жүргізуге себеп болды. Нәтижесінде комиссия тексеру парағының 46 тармағының 35-і бойынша заңсыздықтарды анықтады.

Айта кетерлігі, тексеру нәтижелеріне университет шағым түсірді, алайда бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдерімен комитеттің тексеру нәтижелері бойынша барлық әкімшілік акті өзгеріссіз қалдырылып, университеттің шағымдары қанағаттандырылмады. Енді оны Жоғарғы сот қарайды. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар комитеттің шешімімен университет бас лицензиясынан айырылды. Бұл шешімге қатысты да университет тарапы сотқа шағымданды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.