$ 443.37  474.49  4.83

Елімізде маска тағу мен «Ashyq» жүйесі алынып тасталды

Барлық аймақта ашық ауада маска тағу міндетті емес.

Қазақстанда енді ашық ауада бетперде тағу міндетті емес. Сондай-ақ, "сары" және "жасыл" аймақтарда Ashyq қосымшасын пайдаланбауға болады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешім қабылдады:

Эпидемиологиялық қауіптің "сары" және "жасыл" аймақтарда барлық нысанда: "Ashyq" мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар, міндетті термометрия алынып тасталады;

Барлық аймақта ашық ауада маска тағу міндетті емес;

COVID-ке қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге күндізгі режимде жұмысқа баруға шектеу қойылмайды;

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу алынып тасталды.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды вакцинациялау мен қайта вакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Қазіргі уақытта елдің барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары