$ 446.49  475.38  4.79

Украинаның Қарулы Күштері Ресей әскерін талқандады

Ресей әскері тұрақтап қала алмай, тағы да шегінуге мәжбүр болған.

Ресей әскері 16 күннің ішінде біршама шығынға ұшырады. Сондықтан шабуылға шығудың орнына қорғанысқа көшуге мәжбүр дейді Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы. 

«Жан-жақты ұрыс жүргізе жүріп Украинаның Қарулы күш бөлімшелері жаудың басым бөлігін талқандады. Ресей әскері кері шегініп, Киев маңында басып алған елдімекендерін тастап кетіп жатыр», – деп хабарлады Бас штаб.

Ведомстваның мәліметінше, тағы бірнеше ауданға шабуыл жасаған Ресей әскері тұрақтап қала алмай, тағы да шегінуге мәжбүр болған.

«Жау әскері Киев пен Мариуполь қалалары маңын әлі торуылдап жүр. Кривой Рог, Кременчуг, Никопол мен Запорожья маңында шабуылға көшті. Жаяу әскермен басып ала алмасын бірген қарсыластар әлі де қалаларды зымыранмен атқылап жатыр. Днепр, Луцк және Ивано-Франковск бағытында бірнеше авиасоққы жсалды», – деп хабарлады УҚК.

turkystan.kz

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары