$ 444.22  476.38  4.82

Әблязовтың ісі: Нью-Йорк Жоғарғы соты БТА банкке 7 миллиард доллар берді

Нью-Йорк Жоғарғы соты осы ағылшын үкімдерін мойындай отырып шешім шығарған.

Нью-Йорк Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовке қарсы іс бойынша БТА банкке 7 миллиард доллар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


2022 жылдың 3 наурызында Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотының судьясы Фрэнк П.Нерво Мұхтар Әблязовке қарсы "БТА Банкі" АҚ пайдасына шешім шығарды. Өсім құны 7 100 347 862,12 АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, сот Әблязовтен сот шығындары үшін 505 доллар өндіріп алды.

Қазақстанда Әблязов БТА банкінен миллиардтаған долларды жымқырды деген айыппен сотталған. Оның бақылауындағы ұйымдар жалған несиелер сериясы арқылы бүкіл әлем бойынша қаржы жымқыруды жалғастырған. 2012 және 2013 жылдары БТА Әблязовке қатысты ағылшын соттары да осындай шешім шығарды. Алайда Әблязов сот шешімін орындаудан бас тартқан.  

Нью-Йорк Жоғарғы соты осы ағылшын үкімдерін мойындай отырып шешім шығарған. 

"АҚШ пен Англияның соттары Мұхтар Әблязовтың БТА-ға қарсы ауқымды алаяқтық схеманы жүзеге асырудағы рөлін мойындады. Бұл фактіге күмән келтіруге болмайды және БТА аталған адамдардан ұрланған миллиардтарды іздеуді және қайтаруды жалғастыруда", - деді Мэттью Л. Шварц, "Boies Schiller Flexner" ЖШС басқарушы серіктесі, БТА заңгері.

Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотының аталған шешімімен қатар АҚШ-тың Нью-Йорк оңтүстік округі бойынша округтік соты Әбілязовқа қатысты оның талаптарды бұзуы нәтижесінде 140 115,16 АҚШ доллары мөлшерінде БТА мен Алматы қаласының пайдасына шешім шығарды. 

Бұл федералды сот процестері жалғасуда. Triadou SPV S.A. Shell компаниясына қарсы сот отырысы 2022 жылдың жазына жоспарланған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары