$ 494.87  520.65  4.91

«Балалар жылы» – ұлт болашағына жасалған жанашырлық

Бала тәрбиесі қай кезде болмасын өзектілігін жоғалтқан емес.

«Ұрпақ – ұлт болашағы» дейтін дана халқымыз ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті қашан да жоғары қояды. Бала тәрбиесі қай кезде болмасын өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі ұлт болашағы саналы, ақылды ұрпақты тәрбиелеуден басталады. Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы да ұлт болашағы үшін жасалған қадам деуге болады. Ол өз сөзінде: «Мен мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деген болатын. Президент «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» дей отырып, бала тәрбиесі мәселесін  ата-ана үшін ғана емес, мемлекетке де үлкен міндет етіп жүктегендей.

Кез-келген ата-ана баларының  үйірмелерге қатысып, шығармашылық тұрғысынан дамығанын қалайтыны рас. Бұл баланың бос уақытын тиімді өткізіп, пайдалы іспен шұғылдануына әсер етеді, баланы зиянды әрекеттер мен жағымсыз ортаның ықпалынан сақтайды. Президент бастамасын қолдау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған үйірмелер, секциялар ашылуда, сондай-ақ жыл сайын дарынды балалар мен жасөспірімдер қатысатын түрлі көрмелер мен байқаулар  ұйымдастырылады.

Сондай көрмелердің бірі өткен жылдың маусым айының соңында Парижде өтті. Онда жас өнерпаз қазақстандықтардың шығармашылығы таныстырылды. Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде «Әлем балалар көзімен» атты көрме ашылды, оған мүмкіндігі шектеулі жас суретшілер қатысты.

Балалардың туындылары басқалардан өзгеше, жарқын энергетикасымен, ерекше дарынымен және әлемге басқаша көзқараспен қарауымен ерекшеленеді, - деп атап өткен болатын көрменің ашылуында Қазақстанның Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев.


Бұған дейін Рада Хайрушеваның басшылығымен «Аялаған алақан» қоры Қазақстанның Үндістандағы, БАӘ, Армения және Латвиядағы елшіліктерімен бірлсіп, осындай көрмелер ұйымдастырылған болатын.

Шара барысында тағы бір жоба француз тіліне аударылған «Әуезханның 40 ұлы» атты қазақ халық ертегісі ұсынылды. Анимация мектебінің студенті Доминика Қыдырбаева ертегіге жаңаша сипатта жан бітірді.

Доминика қазақ эпостары мен ертегілерінің желісі бойынша толықметражды мультфильм шығармақшы. Студент қыз қазірдің өзінде оның осы ойына қолдау білдіретін адамдарды іздестіруді бастап кеткен. Жас маманның таңдауы елімізде аса танымал емес мультипликатор мамандығына түскен. Ол оқуын тәмамдаған соң өзінің кәсіби шеберлігін әлемге әйгілі компанияларда жалғастырмайтынын айтты. Доминика шетелде тәжірибе жинақтап, сапалы отандық мультфильмдер шығармақшы.

Елімізде бұл сала мүлдем дамымай қалған. Бірақ анимация мен мультипликацияға қызығатын жастар баршылық. Олар фильмдерін жарыққа шығарып, жеке жобаларын танытқысы келеді, - деді Доминика Қыдырбаева.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары