$ 442.05  474.14  4.74

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 12 жасар баланың денесі қайта эксгумацияланды

Белгілі болғандай баланы екінші рет эксгумациялаған.
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Алматыда қасіретті қаңтар кезінде қаза болған 12 жасар Сұлтан Қылычбектің денесі бірнеше рет эксгумацияланды.

«Бес адам келді – екеуі полиция киімін киген, екі жұмысшы жер қазып жатқан, ал біреуі азаматтық киім киіп, қыдырып, бірдеңе жазып жүрді. Осы кезде зират қақпасының алдында тұрған полицейлер айғайлап, аумаққа кіргісі келген басқа адамдарды зиратқа кіргізбеді. Көліктер ресейлік азаматтық нөмірлермен – бір жүк көлігі және бір Toyota, седан болды» деді куәгерлердің бірі ҚазТАГ тілшісіне.

Белгілі болғандай баланы екінші рет эксгумациялаған.

Куәгерлердің айтуынша, баланың мәйітін қазып алған кезде Қаскелеңдік полицейлердің бірі оқиға орнында болған.

Баланың әкесі эксгумациялауға келісім бермегенін айтты.

Еске салсақ, қаңтар айының басындағы қайғылы оқиға кезінде қаскелеңдік 12 жастағы Сұлтан Қылычбек Алматыда болған. Ол атысты отшашу деп оны видеоға түсірмекші болған сәтте жараланған. Салдарынан 12 жасар бала көз жұмған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары