Алматыда 22 жастағы банк қызметкері алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция оның бастапқыда қылмыстық ниетпен жұмысқа орналасқанын анықтады. Қызметкердің міндеттеріне клиент смартфонына мобильді қосымшаны орнатуға және ресурсқа банк картасын қосуға көмектесу кірген.
Кей жағдайларда қыз клиенттің камерасы бейне тексеруді қолдамайтынын айтып, смартфоны арқылы жеке аккаунттар ашқан.
Осылайша азамат "И" пайдаланушылардың жеке деректерін скриншот жасап алған. Кейін оны пайдаланып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақшаны шешіп алған. Ол көбіне үшінші тұлғалардың картасына ақша аударған.Алматы Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов
Күдікті Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеліп жатыр. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.