$ 494.87  520.65  4.91

Көшеде бетперде тағу міндеті жойылды

Міндетті термометрия, Ashyq пайдалану және қауіпсіз аймақтарда әлеуметтік қашықтықты сақтау міндеті де жойылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ендігі жерде Қазақстанда бетперде кимей жүруге болады. Міндетті термометрия, Ashyq пайдалану және қауіпсіз аймақтарда әлеуметтік қашықтықты сақтау міндеті де жойылды.

11 наурыз күні кешке Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Бірқатар шектеулерді алып тастау туралы шешімдер қабылданды.

• Сары және жасыл аймақтарда Ashyq қолданбасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптары және міндетті температураны өлшеу алынып тасталды.

• Барлық аймақтарда ашық ауада бетперде кию міндетті болып табылады.

• Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін ауысымға кіру және шығу кезінде ПТР бойынша міндетті зертханалық тексеру де жойылды.

  • Ковид-19 вакцинасын алмаған жұмысшыларды толық күндік жұмысқа (қызмет көрсету саласы объектілеріне) жіберуді шектеу де күшін жойды.

Қазақстанда инфекциялар санының азаюына байланысты  бірқатар карантиндік шаралар алынып тасталды. Соңғы мәліметтер бойынша, өткен тәулікте 119 инфекция жағдайы анықталды. Бұған дейін ауру жұқтырғандар саны жүзге жетпеген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары