$ 494.87  520.65  4.91

«Ленин мен Кеңес өкіметінің арқасында біз өз жерімізді алдық» – депутат

Алматы қаласы мәслихатындағы Халық партиясы фракциясының депутаты Ақбөпе Әбілқасымова Қазақстан жері Владимир Ленин мен Кеңес билігінің арқасында алдық деп есептейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы мәслихатындағы Халық партиясы фракциясының депутаты Ақбөпе Әбілқасымова Қазақстан жері Владимир Ленин мен Кеңес билігінің арқасында алдық деп есептейді.

Бұл туралы депутат Facebook-тегі пікірталас кезінде айтты.

«Ленин мен Кеңес өкіметінің арқасында біз өз жерімізді алдық. Мұны есте сақтау керек» делінген депутат Әбілқасымованың жазбасында.

Еске салсақ, бұл Халық партиясының қоғамда резонанс тудырған бірінші мәлімдемесі емес. Мәжіліс депутаты, Қазақстанның халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков те ашаршылықтан қырылған адамдар саны мен репрессияға ұшырағандар санында қателік бар екенін, оның айтылып жүрген мөлшерден аз екенін айтты.

– Халықты мен қырған жоқпын, коммунистік партия қырған жоқ. Коммунистік идеология мен коммунистік тәжірибені шатастырмау керек. Аштықтан қырылғандар саны қазір 4 млн, кейін 6 млн, 8 млн болып кететін шығар. Негізі, 700 мың адам репрессияға ұшырады. Соның 25 мыңы атылған. Ол кезде жалпы қазақтың саны 4 млн болатын. Кезінде ел басына күн туғанда кетіп қалғандар енді оралып жатыр. Ел басына күн туса, елді қорғайтындар аз болады. Келсін, біздің партияның еш қарсылығы жоқ. Алаш қайраткерлері Кеңес одағына басқа тактикамен қарсы шықпай, бірден қарсылық білдірген соң атылып кетті, – деді Ахметбеков.

Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин ДХР және ЛХР мемлекеттерін мойындау туралы шешімін айтқан кезде Украина жерін «Владимир Лениннің үлкен сыйлығы» деп атаған болатын.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскері шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау үшін геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары