$ 494.87  520.65  4.91

«Балалар жылы» – ұлт болашағына жасалған жанашырлық ІІ

Елордада үйірмелер мен секцияларға жарты миллиардтан астам қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысы: «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек», - деді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, биыл елордада 16 ірі мектеп салынады, бұл 40 мыңнан астам жаңа оқушыға арналған.  Мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері де белсенді ашылады.

Балалар шығармашылығын дамытатын орталықтар арасында Техникалық шығармашылық орталығы, М.Өтемісов атындағы  оқушылар сарайы бар. Бұл орталықтарда балалар робототехникамен, авиамодельдеумен, техникалық дизайнмен және қолөнермен айналысады.

Биыл «Дара» қайырымдылық қоры Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп және «Gala Global Group» ЖШС-мен бірге 50-ден астам өнер және тарих жәдігерлерінің аудиодескрипциясын ұсынды.

Аудиодескрипция – көру қабілеті нашар адамдар үшін визуалды қабылдауды алмастыратын немесе толықтырыратын арнайы дайындалған ақпарат.

Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлеріндегі музейлерде аудиодескрипция жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл darabilim.kz онлайн-алаңындағы дәстүрлі «DaraBilim» жазғы қайырымдылық аукционының басты мақсаты болмақ. Біз барлық танымал медиа тұлғаларды, қоғам қайраткерлерін және белсенді азаматтарды шараға қатысуға және зағип балаларға өнер әлемін «көруге» көмектесуге шақырамыз, - деп түсіндірді «Дара» қорының өкілдері.

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова былтырдан бастап барлық облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері шығармашылық клубтар мен спорт секцияларын ұйымдастыруға қаражат бөлгенін хабарлады.

-Бекітілген шығармашылық үйірмелер тізімі тоғыз бағыттан тұрады, олар - би клубтары, бейнелеу өнері, сәндік - қолданбалы өнер, театр және кино, қазіргі заманғы өнер индустриясы клубтары, вокалдық клубтар, аспаптық клубтар, музейлік бизнес-клубтар, әдеби клубтар, - деп нақтылады Күміс Сейітова.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада үйірмелер мен секцияларға жарты миллиардтан астам қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа жағдайда: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды.

Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялау – ұлт болашағына жасалған жанашырлық. Тоқаевтың жоғарыда аталған бастамалары көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз. Балаға немқұрайлық таныту – елдің ертеңін ойламаумен тең екенін ұмытпайық.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары