$ 494.87  520.65  4.91

Украина мен Ресей келіссөздерде ымыраға келді

Зеленский мен Путин соңғы келісімдерге қол қояды.

«Біз ультиматумдар ғана емес, басқалар туралы да айта бастадық» Подоляк келіссөздер үдерісінің жағдайын осылай сипаттады.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина келіссөздер процесінде ымыраға келуге жақын екенін баса айтты. Подоляк Зеленский мен Путин соңғы келісімдерге қол қояды деп мәлімдеді.

Украиналық келіссөзші Ресей мен Украина президенттерінің кездесуіне дейін барлық процедуралық мәселелерді шешу қажет деп санайды.

— Бізде осы немесе басқа жолмен осы мүдделерді қорғайтын, Украинаны осыған ұқсас жағдайлардың қайталануын болдырмау тұрғысынан алып келетін барлық ұсыныстар бар… Және тағы бір рет атап өтейін: ресейлік тарап қазірдің өзінде көп нәрсе іздестіріп жатыр. Бірақ олар Украина емес, Ресей болған жағдайды 100% түсінуі үшін тағы біраз уақыт өтуі керек, – деді Михаил Подоляк.

Оның айтуынша, бетпе-бет кездесулер арасында тараптар жұмыс топтарында бейнеконференциялар өткізеді.

— Біз ультиматумдарды ғана  емес, басқалар туралы айта бастадық, – деді Подоляк келіссөздер үдерісінің жағдайын сипаттай келе.

Ол қазір жұмыс топтары қорытынды құжаттарды заңды түрде реттеумен айналысып жатқанын айтты.

Подоляк келіссөзге қатысушылар атысты тоқтату шарттарын, Украинаның қираған инфрақұрылымына  келтірілген шығынды өтеу мәселесін, Ресей әскерін ел аумағынан шығару барысы мен бітімгершілік келісім шарттарын талқылап жатқанын атап өтті. Бейбітшілік келісімінің негізгі түйіні – Ресей мен Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесі.

Михайло Подоляк Украина мен Ресей арасындағы төртінші бетпе-бет келіссөздер келесі аптада өтуі мүмкін екеніне назар аудартты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары